«Сіздерге Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің жаңа төрағасы Ерлан Қожағапановты таныстырғым келеді. Ерлан Тоқтарханұлы үлкен еңбек жолынан өтті, өңірлерде жұмыс істеді, үлкен тәжірибеге ие, білікті ұйымдастырушы», - деді С. Ахметов.
Еске салайық, кеше кешке Үкімет басшысы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің ұжымына жаңа басшы Е.Қожағапановты таныстырды . Ол бұған дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.