С.Ахметов облыс әкімдеріне су тасқынына дайындық мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов барлық облыс әкімдеріне су тасқынына дайныдық мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Біздің азаматтардың табиғи апаттардан, оның ішінде су басқынынан қауіпсіздігі маңызды. Әкімдер оны қатаң бақылауға алуы тиіс. Нақты, түсінікті, мониторинг болуы қажет әрі халық арасында түсіндіру жұмыстары болуы керек. Барлық шараларды ТЖМ мен әкімдіктер мерзімінде орындауы тиіс», - деді С.Ахметов. ҚР Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың атап өтуінше, барлық өңірлерге төтенше жағдайлардың алдын алу әрі оның салдарын жоюға 9,5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Алдын ала 4,5 мың адам, 800-ден астам техникадан тұратын күштер мен құралдар тобы жоғары әзірлікке келтірілген.