Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Осы аптада Қазақстанның Үкімет басшысы Серік Ахметов «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның жыл қорытындысына арналған отырыстарына қатысады», - деді ресми өкіл.
Сонымен бірге оның атап өтуінше, Премьер-Министр ҚР Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің алқа мәжілістеріне қатысуды көздеп отыр.
«Осы орайда ОКК-де 27 ақпан мен 4 наурызда «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» басшыларының қатысуымен брифинг ұйымдастыру жоспарланып отырғандығына назар аударғым келеді», - деді А.Әбибуллаев.