«Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне әсіресе су тасқыны қаупі жоғары өңірлердегі гидроқұрылғылардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырамын»,- деді Үкімет басшысы. С.Ахметов облыстардың, Астана мен Алматының әкімдеріне елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосымша шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. «Сондай-ақ су тасқыны орын алған жағдайда әрекет ету және қауіпсіз жерге көшу туралы ережені халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Жалпы бақылау мен мониторингті Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа тапсырамын»,- деді ол.
11:17, 01 Сәуір 2014
С.Ахметов су тасқыны қаупі жоғары өңірлердегі гидроқұрылғылардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов су тасқыны қаупі жоғары өңірлердегі гидроқұрылғылардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.