АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіруге қаржы аямау қажет. Бүгін техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту шараларына арналған кеңесте ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов осылай деді.
«Мен Экономика министрлігіне тапсырма беремін. Бұл саладан бюджет қаражатын үнемдеудің қажеті жоқ. Біздің бұл жүйені кеңейту мен жаңғыртуда, әсіресе, зертханалар, өнім сапасы, техникалық регламенттер бойынша министрлік олардың өтінімдерін қолдауы тиіс», - деді Үкімет басшысы.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.