Өз сөзінде «жасыл» экономикаға көшудің жаңа тұжырымдасын Мемлекет басшысы бекіткендігін атап өткен С.Ахметов: «Тұжырымдаманы жемісті жүзеге асыру үшін іс-шаралар жоспары қажет. Сондықтан Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне екі апталық мерзімде оны әзірлеп, Үкімет қарауына енгізуді тапсырамын. Ол нақты, түсінікті сипатта болуы тиіс»,- деді.
Сонымен қатар Үкімет басшысы тұжырымдаманың негізгі ұстанымдары табиғи ресурстарды пайдалануды оңтайландыруға, экожүйені тимді басқаруға, «таза» технологияларды кеңінен енгізуге, энергияның жаңаратын көздерін дамытуға, халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталғанын баса айтты.