деп хабарлады pm.kz сайты.
Бүгін С.Ахметов Жаңаөзен қаласына барады. Онда бірінші вице-премьер қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2012 жылдарға арналған кешенді жоспарының аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын тексереді, сондай-ақ «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының аясындағы «Самал» ықшамауданын абаттандыру жобасымен танысады.
Ол сондай-ақ «КазГПЗ» ЖШС-інде болып, зауыттың технологиялық үрдісін қалпына келтіру жұмыстарымен танысады.
Оған қоса, бүгін С.Ахметовтің төрағалығымен Жаңаөзен қаласының мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтеді. Онда қаланың ағымдағы жағдайы, Жаңаөзенді әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарының іске асырылу барысы қаралады.
Түстен кейін С.Ахметов «Daewoo Shipbuilding&Marine Engineering Co., LTD» компаниясының бұрғылау баржасын суға түсіру рәсіміне қатысады. Бұл баржа қазақстандық теңіз қайраңының перспективалық учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге арналған.