С. Ахметовке «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жайында баяндалады

None
АСТАНА. 21 қазан.ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев еліміздің Үкімет басшысы Серік Ахметовтің осы апта ішінде жұмыс кестесін жария етті.

Атап айтқанда, ертең Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкімет отырысы өтіп, онда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының жүзеге асыру барысы кеңінен талқыға түсетін болады.

«Бағдарламаның аймақтарда ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде жүзеге асырылуының қорытындысы бойынша Өңірлік даму министрінің орынбасары Серік Нокин, сонымен қатар облыстардың, Алматы мен Астана қалаларының әкімдері баяндап, сұрақтарға жауап береді», -деді ол.

Сонымен қатар, 25 қазан күні С.Ахметов жұмыс сапарымен Алматы облысына барады. Онда Үкімет басшысы өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен және Алматы облысының экономикалық дамуымен кеңінен танысуды көздеп отыр.