С. Баймағамбетов 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деген күдік келтірілуде

АСТАНА 23 ақпан. ҚазАқпарат - Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Серік Баймағамбетовке өңірлік департаменттің басшысын тағайындау үшін 50 мың доллар пара алды деген күдік келтірілуде.

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті.

«Агенттік пен ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы С. Баймағамбетовке қатысты қызметтік уәкілеттігін теріс пайдалану және аса ірі мөлшерде пара алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда С. Баймағамбетов  Кедендік бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің біріне басшылық лауазымды тағайындау үшін 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған деген айып тағылып отыр. Ол ағымдағы жылдың 5 ақпанында Астана қалалық сотының санкциясымен қамауға алынды. Оның басқа да жемқорлық қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.  Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды», - деді ресми өкіл.