Сейдахмет Бердіқұловтың туған күнінде - 9 мамырда Алматы қаласынан бастау алған бұл дәстүрлі турнир биыл алғаш рет Астанада өтті.
Жылдан бастап жарысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі ойынды Астанада өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Екі күнге созылған жарыста еліміздің әр аймақтарының телеарна, газет тілшілерінен жасақталған футбол командалары өзара бақ сынады. Бірінші орынды «Алматы» телеарнасының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында «Хабар» телеарнасының Алматы бюросының командасы, ал үздік үштікті «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшілері қорытындылады.