С. Біләлов Сенаттың тұрақты комитетінің мүшесі болып сайланды
Еске салсақ, бұған дейін сенатор Самат Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалып, өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. Ал, оның орнына С. Біләлов аталған өңірден Сенат депутаттығына сайланды.
Біләлов Серік Сұлтанғазыұлы 1958 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Сарытомар аулында дүниеге келген.
Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1983 ж.), Алматы экономика және статистика институтын тәмамдады (1998 ж.), зооинженер, экономист.
Еңбек қызметін 1974 ж. СҚО Возвышенкс ауданы, «Молодогвардейцев» атындағы совхоздың мал санитары болып бастап, кейін Бескөл ауданы «Андреевский» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысының кеңшарларында бас зоотехник, Совет ауданы «Аралағаш» кеңшарының директоры болып істеді.
1992 ж. «Бескөл құс фабрикасы» АБАҚ бас зоотехнигі, одан кейін президенті болып істеді.
1999 ж. бастап Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмбаев), Есіл, Қызылжар аудандарының әкімі.
2007 ж. сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының әкімі болып жұмыс істеп, сәуір айынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
2007 ж. 9 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының мүшесі, Сенат депутаттығына сайлану барысында - уақытша жұмыссыз.