Сьерра-Леонеде болған су тасқыны салдарынан 400 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат -14 тамыз күнгі Сьерра-Леоне маңындағы Фритаунда болған су тасқынынан кейін үйінділер астынан 400-дей адамның мәйіті табылды. Reuters агенттігінің хабарауынша, тергеу органдары апат құрбандарының саны 500 адамнан асады деп жорамалдауда, деп хабарлады utro.ru.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, ұзақ нөсер жауыннан кейінгі су тасқыны және көшкін салдарынан Фритаунда 600 адам із-түссіз жоғалып кеткендер қатарында. Ел астанасының 2 мыңдай тұрғыны баспанасыз қалған.

Фото: life.ru