«Бұл мәселе әкімдіктің және ведомствоаралық комиссияның барлық мүшелерінің үнемі бақылауында тұр. Өткен жылдың ішінде құрылыс саласындағы 909 бұзушылық және тұрғын үйді заңсыз салудың 37 фактісі анықталды. Олар бойынша мемлекеттік органдар тарабынан нақты шаралар қабылданды»,- деді ол.
Осы ретте С.Хорошун сәулет және құрылыс саласындағы заңның бұзылуын шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болатынын атап өтті.
«Біріншісі - тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды бұза отырып нысан құрылысын жүргізетін құрылысшылар. Бұған қоса, өздерінің инвесторларының да қаражаттарын мақсатсыз пайдаланып жатады. Екіншісі - бекітілген кестедегі мерзімнен айтарлықтай кейін қала отырып, салынып жатқан нысандар. Үшіншісі нысан құрылысын өз беттерінше бастаған құрылысшылар. Дегенмен, өткен жылы біз өз бетінше құрылысты бастап кетуге қатысты бұзушылықтарды аз кездестірдік. Санаулы ғана деректер бар. Өйткені, құрылысшылар айыппұл төлегеннен гөрі дұрысы заңмен бекітілген тәртіппен рұқсат алу қажеттігін түсінді», - деді ол.
Оның атап өтуінше, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңды ескерместен салынып жатқан нысандар барынша проблемалы болып тұр.