С.Қайырбекова «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының 2013 жылға арналған басымдықтары мен міндеттеріне тоқталды
«Бірінші. Ана мен бала өлімін, қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкологиялық аурулардан, жарақаттардан, туберкулезден өлімді төмендету, көліктік медицинаны дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылатын болады. Екінші. МСАК әлеуметтік-бағдарланған үлгісі одан әрі дамытылады. Үшінші. Дәрілік қамтамасыз ету жүйесі жетілдірілетін болады, соның ішінде амбулаториялық деңгейде формулярлық жүйе енгізіледі», - деді ол.
Оның атап өтуінше, төртіншіден, жалпы денсаулық сақтау жүйесіне инновациялық жобаларды және медициналық көмектің озық технологияларының трансфертін енгізу жалғастырылады. Бесіншіден, халықаралық нормаларға сәйкес медициналық көмек көрсетудің стандарттары жетілдіріледі. Алтыншыдан, мемлекеттік секторға менедженттің қазіргі заманғы құралдары, бірлесіп басқару қағидаттары белсенді енгізілетін, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, ресурс үнемдеудің тиімді механизмдері дамытылатын болады. Жетіншіден, денсаулық сақтау мамандарының құрылымы және даярлау мазмұны жетілдірілетін болады.
«Сегізінші. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі одан әрі дамытылады», - деді С.Қайырбекова.