С. Кулагин: ҚазАқпараттың конструктивті ұстанымы мен объективті көзқарасы - басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына үлгі
Құрметті «ҚазАқпарат» агенттігінің ұжымы!
Байтақ еліміздің жүріп өткен тарихи кезеңдерінің айнасы «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігін 95 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтаймын.
Халықаралық дәрежеге ие болған алғашқы ақпараттық агенттік болып табылады.
«ҚазАқпарат» медиа-агенттігі 95 жыл бойына саясат, экономика, білім, денсаулық, спорт, мәдениет қоғамдағы басым негізгі бағыттарын нақты дереккөздер арқылы ақпараттандырып, еліміздің белді де, беделді ұйымына айналды.
Бүгін ақпарат агенттігінің беттерінде еліміздің ішкі, сыртқы саясаты, заман талабына сай туындаған мәселелердің нақты шешімдері мен сан қырлы қоғамдық өмірдегі өзгерістері мен құқықтық демократиялық және азаматтық ашық қоғамның барлық салалары жарық көруде.
Қазақстан Республикасының беделді БАҚ конструктивті ұстанымы мен объективті көзқарасы басқада бұқаралық ақпарат құралдарына үлгі болмақ.
Агенттіктің журналистика саласында қалыптасқан игі дәстүрді жалғастыра отырып, сапалы контент арқылы жаңашылдық көзқараспен, жетілдірілген технологияны қолданған кәсіпқой команданың жұмысы өз нәтижесін беріп отырғанына куәміз.
Сіздердің медиа-ресурстарыңызға өзінің басты капиталы болып табылатын мыңдаған оқырмандардың сенімі мен сыйластығын арттырып, ұжымдағы қызметкерлеріңізге зор денсаулық пен Ұлы Отанымыздың көркейіп гүлденуі жолындағы еселі еңбектеріне толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеймін.
Құрметпен, Ақмола облысының әкімі С. Кулагин», - деп жазылған құттықтауда.