Еске салсақ, бұған дейін төраға лауазымында болған Б. Жылқышиев конституциялық өкілеттік мерзімінің аяқталғанына байланысты депутаттықтан босатылған болатын. Ал Парламент комитеттері мен комиссиялары туралы заң нормаларына сәйкес, комитет төрағалығына кандидатты депутаттар ұсынады. Осыған орай, сенатор Ерлан Нығматулин Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы лауазымына Сергей Кулагинді ұсынды.
Аталмыш кандидатты палата депутаттары бірауыздан қолдады.