Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ТМД мемлекеттерінің басшылары Кеңесінің бейресми отырысы кезінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров айтты.
«Мен қазір ғана ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Хозеұлын ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитін тамаша дайындауымен және жоғары деңгейде өткізгенімен құттықтадым. Бұл шара өте маңызды құжат - Ұйымның барлық мүшелерінің қазіргі заманның көкейкесті мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымын көрсететін ҰҚШҰ Декларациясын қабылдаумен аяқталды», - деп атап өтті СІМ-нің басшысы.
«Мен осыны Қазақстан төрағалығы арқылы бағындырып алған кезекті лайықты шыңымыз деп ойлаймын», - деп мәлімдеді С.Лавров.
Естеріңізге сала кетейік, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2011 жылғы желтоқсандағы сессиясында Ұйымға төрағалық ету Қазақстанға өтті.