«Жасын, отбасылық жағдайын, оның бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, сондай-ақ тергеуден жасырынуға ешбір әрекет жасамағанын немесе тергеуге кедергі келтірмегенін назарға ала отырып, Сейітқазы Матаевқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, кепілге жіберу бұлтарпау шарасын тағайындауды соттан сұраймын», - деді қорғаушы Андрей Петров.
Оның сөзіне қарағанда, С. Матаевтың туыстары кепіл ретінде 500 АЕК-ті соттар әкімшісіне аударған, сонымен қатар 500 АЕК Әсет Матаев үшін де кепіл ретінде енгізілді. Бұл тұрғыда қорғаушы Ә. Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын үйқамақтан кепілге босатуға ауыстыруды сұрап отыр.
Естеңізге сала кетейік, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев 2016 жылғы 22 ақпанда Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлерімен ұсталған болатын. Оған қатысты салық төлеуден жалтару мен бюджет қаржысын жымқыру айыптары тағылып отыр.
Айта кетейік, С. Матаеав пен Ә. Матаев мүддесін сот отырысында үш қорғаушы, яғни Андрей Петров, Серікқали Мусин және Мәдина Бакиева қорғауда. Сотта судья Ақболат Құрмантаев төрағалық етуде.