"Қостанайлықтар да ақынның атын ұлықтап 2012 жылы 15 қазан күні Қостанай қаласында аймақтық конференция өткізді. Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға Сырбай Мәуленовтің отбасы мүшелері, қазақстандық танымал жазушылар мен ақындар, көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен шығармашылықпен айналысатын Қостанай жұртшылығы қатысты", - дейді Н.Сәдуақасов. Оның айтуынша, С.Мәуленов атындағы гимназияда мұражай ойдағыдай қызмет істеуде және қаланың бір көшесі ақынның есімімен аталған. Сонымен қатар Жангелдин ауданындағы Милысай кентіндегі орта мектеп ақынның есімін мәңгі дәріптеуге атсалысуда.
20:28, 04 Ақпан 2013
С.Мәуленов есімі алыстан мұнартқан асқар таулардай жақындаған сайын биіктей беретін, жыл озған сайын жаңғырып, жақындай түсетін қастерлі есім
АЛМАТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Қостанай өңірі дарынды қаламгерлерге бай десек те Сырбай Мәуленов көзі тірісінде елі қадір тұтқан талантты біртуар жырдың тұлпары, сырдың сұңқары еді. Бұл туралы бүгін Алматыдағы Әдебиетшілер үйінде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысушыларға Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасовтың жолдаған құттықтауында айтылды.