С.Мыңбаев: 2041 жылдан кейін де Қашағаннан мұнай өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «2041 жылдан кейін де Қашағаннан мұнай өндіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев айтты.

«Қашаған бойынша мұнай өндірудің өнімділік шегі барынша жоғары. Менің түсінуімше, ол барреліне 100 доллар төңірегінде болады. Мердігер компания үшін бұл ұзақмерзімді кезеңде қолайлы екендігі түсінікті. Өйткені, олар мұндай алып кен орнының болашағын байқап отыр. Келісімшарттың формалды мерзімі - 2041 жылға дейін. Дегенмен, Қазақстан кемінде әлі де 50 жыл, тіпті 2041 жылдан кейін де мұнай өндіретін болады», - деді С.Мыңбаев.

Министрдің атап өтуінше, Теңіз бен Қарашығанақ кен орындарындағы мұнай өндіру тиімділігі Қашаған кен орнына қарағанды біршама төмен. «Дегенмен, бұл кен орындары мұнайдың қазіргі бағасы кезінде де тиімді», - деді ол.