Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия энергетикалық салада Қазақстан мен АҚШ-тың екіжақты ынтымақтастығының бірлескен іс-қимылы жоспарына қол қояды деп күтілуде. Сонымен қатар оның ішінде көмірсутек ресурстарын дамыту және оларды тасымалдау, атом энергетикасы мен ядролық қауіпсіздік, энергия үнемдеу және балама энергия көздерін жетілдіру мәселелері қамтылған.
Мұнымен қоса сапар барысында С. Мыңбаев АҚШ Энергетика министрлігінің күн жабдықтары бойынша жұмыстарымен танысады, сондай-ақ аталған ведомствоның және АҚШ мемлекеттік департаменті басшылығымен кездесу өткізбек.