С.Нокин Мәжілістің Үкімет сағатында Агенттік жұмысының қорытындылары туралы баяндайды

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 19 наурыз күні Мәжілісте Үкімет сағаты өтеді. Бұл күні парламентшілер

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2012 жылға арналған міндеттерін талқылайтын болады.

Үкімет сағатында аталған тақырып бойынша ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин баяндама жасайды. Сонымен қатар баяндамашы осы мәселе төңірегінде депутаттардың сұрақтарына жауап береді деп күтілуде.

Үкімет сағаты Мәжілістің отырыс залында сағат 10.00-де басталады.