S&P Қазақстан рейтингісін«ВВВ+/А-2» деңгейінде «Тұрақты» болжамымен растады

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Standard&Poor's агенттігі Қазақстанның ұзақ мерзімді егемен кредиттік рейтингісін «Тұрақты» болжамымен «ВВВ+/А-2» деңгейінде растады.

Бұл туралы ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінен хабарлады

Standard&Poor's пікірі бойынша, Қазақстан рейтингінің ағымдағы деңгейі жоғары бюджеттік көрсеткіштерді, Үкіметтің нетто-кредитор жағдайын және халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің өсу көрсеткіштерін қамтамасыз ететін табиғатты ресурстардың елеулі болып отырғанын бейнелеп тұр.