С. Подобедова алдағы жылғы әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының чемпионы Светлана Подобедова 2013 жылы Варшава қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысуға ниетті.

«Аламан» спорт агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы спортшы «PROСПОРТ» басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Риодағы ойындарға қатысу-қатыспау жайлы ештеңе айта алмаймын. Демалысым аяқталған соң әлем чемпионатына дайындаламын», - деді Подобедова өз сөзінде.