С.Сәпиевке ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі мандаты ертең Қазмедиа орталығында табысталады

АСТАНА. 23 тамыз. ҚазАқпарат - Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағын табыс ету шарасы ертең Қазмедиа орталығында өтеді, деп хабарлады ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы хатшылығынан.

«24 тамызда Астанадағы Қазмедиа орталығында 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының танымал боксшысы Серік Сәпиевке «Спорт бойынша ЮНЕСКО-ның ізгі ниет елшісі» құрметті атағымен марапаттау шарасы өтеді», - делінген хатшылық таратқан ақпаратта.

Аталған мандатты спортшыға ЮНЕСКО бас хатшысы Ирина Бокова табыс етеді.