«Конституция - кез келген мемлекеттің айнасы, саяси тұрақтылығының тірегі. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Конституция аумағында қалай өмір сүру керектігін жұртшылыққа шынайы түрде көрсетіп келеді. Бұл бүгінде өз жемісін беруде. Ұлт көшбасшымыз алысты болжайтын көреген саясаткер», - деді С. Сартаев.
Сонымен қатар, заңгер ғалым Ата заңды қабылдар алдында ұзақ талқылаулар болғанын жеткізді.
«Қазақстанның Конституциясы кезінде референдум негізінде қабылданды. Сайлаушылардың 90 пайызы оны қолдады. Оның алдында талай талқылаулар, қызу пікірталастар болды. Басқа елдердің конституциялары қаралды. Бұл әрине өз нәтижесін берді. Осындай қажырлы жұмыстардың арқасында халықтың талап-тілегіне сай тарихи құжат қабылданды. Сондықтан да оны халық Ата заң деп атайды. Біз қашанда сол Ата заңның аумағында өмір сүруіміз керек. Әйтпесе тұрақсыздық орын алуы ғажап емес. Оған басқа мемлекеттерде болып жатқан оқиғалар куә», - деді С. Сартаев.