Кездесудің басты өзегі - жаңа басшылықтың ұжыммен танысуы. Өз сөзінде А.Күрішбаев, кез-келген жоғары оқу орнының дәрежесі мен білім сапасы профессор-оқытушылар құрамымен анықталатынын алға тартты. Сондай-ақ, өзінің университетке қатысты болашақ жоспарымен бөлісті. Бұған дейін қабылданған «Университеттің 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасымен» танысқанын айтып, оған бірқатар нақты өзгерістер енгізу туралы пікірін білдірді.
Оқытушылар да жаңа ректорға сауалдарын жолдап, ұсыныстарын айтты. Олардың барлығына тұщымды жауаптар қайтарған А.Күрішбаев, маңызы жоғары идеялардың жүзеге асуын өз бақылауына алатындығын жеткізді.