С. Шаяхметовтің ісіне байланысты алғашқы сот отырысы өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы № 2 Алматы аудандық сотында сыбайлас жемқорлық бойынша айыпталған бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің ісіне қатысты алғашқы сот отырысы басталды. Оған судья Бақытбек Сыздықов төрағалық етуде.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 1 қарашасында қаржы полициясы С.Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтаған болатын. Бұл ретте экс-вице-министр Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып отыр. Ол мемлекетке 1,1 млрд. теңге көлемінде шығын келтірді делінеді.

Бұдан бөлек, сотта айыпталушы ретінде «Қазақстан Республикасы тұрғызылып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры Пак, «Сервис ЖАК" ЖШС бұрынғы бас директоры Киреев қатысуда. Оларға бюджет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылған.