С. Жандосовтың 80 жылдығына орай ардагерлер арасында волейболдан турнир өтеді

Ы. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - С.Жандосовтың 80 жылдығына орай 2010 жылғы қаңтардың 29-30-ында ардагерлер арасында волейболдан С.Жандосов пен Г. Толмачевты еске алуға арналған турнир өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

С.Жандосов экономист-ғалым, қоғам қайраткері бола тұра спортқа да көп көңіл бөлген. Ол спортпен айналысып қана қоймай өзгелерді де спортқа баулып, волейбол командаларын құрып түрлі спартакиада, турнирлер ұйымдастырған. Ол әр жылдары Қазақстанның волейбол, дзюдо федерацияларына басшылық еткен. С.Жандосовтың досы әрі серігі Геннадий Толмачев белгілі журналист, публицист-жазушы, сондай-ақ белсенді волейболшы болған.

ҚазАҰУ спорт кешенінде өтетін турнирге Алматы, Шымкент, Талдықорған қалаларының командалары қатысады.