С.Жасұзақов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы болып тағайындалды

None
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен С.Жасұзақов Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен хабарлады.