Сыртқы істер министрлігіндеҚазақстан Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов, ТүрікменстанныңМинистрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі РашидМередов, Қырғызстанның сыртқы саяси ведомство басшысы Чингиз Айдарбеков,Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және АҚШМемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейлдің қатысуымен жоғары деңгейдегі«С5 1» кездесуі болды.
Жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстансыртқы саяси ведомствосының басшысы «Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатындағыОрталық Азия векторының іргелі басымдығын қалағанын» атап өтті.
Министрдің айтуынша, «Елбасы бағытысабақтастығының мызғымастығы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың аймақтықстратегиясы негізінде жатыр. Бізді көршілерімізбен аймақтық саяси, экономикалықжәне гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы шабыттандырады». Сондай-ақ, біздің өңіріміздің екіжақты және көпжақты форматтарыбарысында қол жеткізілген барлық бастамалар мен уағдаластықтарды сапалы жүзегеасыруға Қазақстанның қызығушылығы атап өтілді.
«С5 1» өткен кездесуде сауда байланыстарынодан әрі кеңейту, инвестицияларды тарту және өңірдегі көпжақты экономикалықжобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар Орталық Азияныңинфрақұрылымын және транзиттік-көліктік әлеуетін бірлесіп дамытуға үлкен қызығушылықбілдірді.
Қауіпсіздік саласында кездесугеқатысушылар өңірлік тәсілді талап ететін сын-қатерлер мен қауіптердің кеңкешенін қарастырды. Оның ішінде Ауғанстанды қалпына келтіруге көмек көрсету,сондай-ақ Сирия мен Ирактағы ұрыс қимылдары аймағынан оралған азаматтарды қайтаоралу және оңалту бойынша тәжірибе алмасу мәселелері бар.
Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында АҚШМемлекеттік хатшысының орынбасары Д. Хейлді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚРСыртқы істер министрі Б. Атамқұлов және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев ҚР мен АҚШ-тыңекіжақты және халықаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау үшінқабылдады.
«С5 1» форматы Орталық Азияның бес елі менАҚШ арасындағы өзара іс-қимылдың көпжақты тетігі болып табылады. Диалогтыңнегізгі тақырыптары Экономикалық даму, өңірлік ынтымақтастық және қауіпсіздікмәселелері болып табылады. Алты елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларыныңқатысуымен алғашқы отырыс 2015 жылғы 1 қарашада Самарқанд қаласында өтті.