Бұл туралы Росбалт жазады.
«Екі ай бұрын ол Индонезияда осы тектес конференцияға қатысқан. Ал, бірнеше күн бұрын Австралияда өтетін конференцияға шақырту алғанын айтты. Бірақ, баласын жалғыз қалдырғысы келмегендіктен және алдыңғы конференциядан шаршап оралғандығы себепті бұл жолы бармайтын болып шешті. Оның әріптестері аттанып еді, бәрі қаза тапты», - деді Саакашвили.
Malaysia Airlines компаниясына тиесілі Boeing-777 Киевпен 16:20 (17:20 мск) шамасында байланысын тоқтатты. Кейін оның Украинаның Донецк облысына қарасты Грабово ауылының маңында апатқа ұшырағаны белгілі болған. Салдарынан бортта болған 298 адам қаза тапты.