Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз? деген сияқты сұрақтар қойғанын көруге болады.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілген.
«Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады»,- деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.