Бүгін бұл туралы Алматыда Nestle компаниясының ұйымдастыруымен өткен «Жас ата-аналарға арналған клуб» мәжілісінде айтылды. Ондағы тақырып «Иммунитет - нәресте денсаулығының қорғаны: жүктілік кезеңінен сәбидің 3 жасқа дейінгі ағзасын қалай нығайту керек» деген мәселе болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш клубтың мақсаты - болашақ және жас ата-аналар үшін ақпараттық-біліми базаны қалыптастыру болып табылады.
Дәрігер-педиатрлар сәби денсаулығын іште жатқан кезден бастап күту керектігін айтады. Тек сонда ғана өмірге дені сау, мықты балалар келеді. Онымен қоса бала өсу барысында көп ауырмайтын болады, дейді олар.
Кездесу кезінде жас және болашақ ата-аналар бала иммунитетін нығайтуда екі топқа бөлінетін әдіс жайлы ақпарат алды. Олар әлеуметтік және фарматроптық. Әлеуметтік әдіске жақсы тамақтандырудың жолын анықтау, балаға жақсы қарау (бөлмедегі температура мен ылғалды бақылау), үйдегі жайлы психологиялық атмосфераны сақтау жатады. Ал, егу мен әртүрлі иммунитетті көтерудегі дәрі-дәрмектер тобы фарматроптық әдіске жататыны айтылды.
«Дұрыс тамақтандырудың басты жолы көп тұрып қалмаған азық-түлік, сондай-ақ, әр түрлі дәрумендер емес», дейді Nestle компаниясының өкілі, балаларды тамақтандыру жөніндегі маман Тимур Косчинский. - Ең бастысы тегі, ана сүті, содан кейін ғана тамақ ішу әдісін ойлау керек. Әсіресе, балалардың өз жасына арналған ботқаларды көп қолдану керек. Себебі, онда 2 жасқа дейінгі сәбилерге пайдалы әр түрлі қоспалар бар екендігін баса айтты.
«Nestle компаниясы болашақ ата аналар үшін білімдерін толықтыру мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Қазақстанда салауатты ұлт қалыптастыру үшін қолға алынып отырған телеарналардағы бағдарламалар, отандық және Ресейден шақырылған балалар дәрігерлерінің қатысуымен өтетін дөңгелек үстелдер мен конференциялар өз септігін тигізеді деген сенімдеміз», - дейді Орта Азия және Әзербайжандағы Nestle Nutrition-ның Қазақстандағы басшысы Дәрия Аймұханова.
Шараға медицина саласындағы білікті мамандар мен балалар дәрігерлері қатысыты. Олар жас-атаналарға керекті кеңестер беріп, болашақ аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауаптар алды.