Ғалымдар туғанына 16 ай болған сәбилердің іс-әрекетін ұзақ уақыт бақылаған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Тәжірибе барысында дастарқан басындағы балаларға 14 сұйық тағам көрсетіліп, олардың атауы айтылған. Күнделікті дағдының нәтижесінде бүлдіршіндер сұйық тағамдарды көргенде үйреншікті сөздерді дыбыстауға тырысатынды шығарады. Тіпті әлгі заттарды қатты форма түрінде көрсеткенде де, олардың атауын шатастырмайтын болған. «Баланың дастарқан басында тамақты езгілеп ойнауы - оның қалыпты дамып, дүниені тани бастағаны», - дейді америкалық мамандар.
02:30, 09 Желтоқсан 2013
Сәби үшін дастарқан басы - дүниетану сабағы
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Баланың тамақпен ойнауы - оның жақсы дамып келе жатқаны. Айова университетінің мамандары дастарқан басын бала үшін дүниетану сабағымен парапар қояды.