Сәбиді балабақшаға онлайн кезекке қою енді ЭЦҚ болуын талап етпейді
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің баспасөз баянында хабарланды.
Еgov.kz осы қызметті пайдалану үшін, жүгінуші «электрондық қызметтер» бөлімінде жергілікті атқарушы органдардың тізімінде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мекетепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қоюды» таңдайды. Кейін экрандық форманы толтырады және сұранысты жолдайды. Сонан соң жүйемен құжатқа автоматты түрде қызметті тұтынушының жеке куәлігі және сәбидің тууы туралы куәлігі бекітіледі. Сонымен қатар сәбиде жеңілдік болған жағдайда, сұранысқа куәландырылған құжаттардың көшірмелерін бекіту қажет.
Қызмет тегін және 3 жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Осы мерзімнің аяқталуында пайдаланушының жеке кабинетіне балабақшаға жолдама немесе сәбиді кезекке қою, немесе себептерін түсіндірумен бас тарту туралы хабарлама келеді.
Сонымен қатар еске салатын болсақ, кезекке тұрғандар үшін (Интернет арқылыдағыдай дәстүрлі тәсілімен) порталда кезектің жылжуын қараудың қолайлы қызметі қолжетімді. Ол үшін не ЭЦҚ бар болуы, не авторизацияның бар болуы талап етілмейді. Сәбидің ЖСН-і немесе оның тегін, атын, туған күнін біле отырып, форманы толтырса және сұранысты жөнелтсе жеткілікті. Нәтиже дереу көрінеді. Қызметті «электрондық үкімет» порталының басты бетінің оң жақ бөлігінде немесе http://www.egov.kz/wps/portal/S001ChildPosition?lang=ru сілтемесі бойынша табуға болады.
Басқадай нақтылауды 1414 нөмірі бойынша тәулік бойы Call-орталығына хабарласып білуге болады. Қоңырау Қазақстанның барлық өңірлері үшін тұрақты телефондағыдай мобильдік телефондардан тегін болып табылады.
Балабақшаға кезек нөмірін қарау сервисі Ақтауда, Ақтөбеде, Атырауда, Қарағандыда, Көкшетауда, Қостанайда, Қызылордада, Павлодарда, Екібастұзда, Петропавлда, Талдықорғанда, Таразда, Оралда, Өскеменде, Шымкентте және Алматыда (Түрксиб ауданын қоспағанда) қолжетімді.