Сәбиді құтқарғаны үшін павлодарлық жігіт «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

None
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ Павлодарлық Ардақ Аталықовқа «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Асаин Алдажаров мемлекеттік награданы табыс етіп тұрып, Ардаққа ерлігі және батыл әрекеті үшін алғыс айтты. Өткен көктемде әскери қызметін атқарып жүрген кезінде, Ардақ кішкентай баланың суға батып бара жатқанын көріп қалады. Суға секіріп түсіп, есінен танып қалған баланы жағаға алып шығып, бала көзін ашқанша жасанды тыныс беру амалдарын жасайды. Ардақ бірақ та өзін батырмын деп санамайды, «менің орнымда кім болса да осылай істер еді», дейді ол.