«Тастанды балаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, тергеу-жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары тек облыс орталығында емес, барлық қалалар мен аудандарда жүргізілуде», - деді журналистерге Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.
Еске сала кетейік, Павлодар қаласындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылған еді.
Сондай-ақ, облыстың бас дәрігері Ораз Мұқашев қоқыс контейнерінен табылған сәбидің денсаулығы туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берген болатын.