ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында қолына сәбиін алып, жалаңаш көше кезген әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының соңында Өскемендегі Гагарин бульварында 33 жастағы жалаңаш әйелдің алты айлық сәбиімен кетіп бара жатқаны жайлы видео тараған болатын.
Әйел адам полицейлерге мән-жайды түсіндірмеді. Тіпті өзінің кім екенін айта алмаған. Тәртіп сақшылары 1987 жылғы қала тұрғынын психикалық денсаулық орталығына жеткізді.
«Қазіргі уақытта әйел адам аталған медициналық мекемеге жатқызылған. Ал сәби әкесінің қолында», - дейді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.