Сәбилер 7 айынан бастап ана тілі мен шет тілін айыра алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәбилер 7 айынан бастап ана тілі мен шет тілін айыра алады, деп есептейді Вашингтон университетінің ғалымдары.

Бүлдіршіндер мен үлкендерді магнитоэнцефалография арқылы зерттеу кезінде сәбилер 7 ай мен 11 айлық кезінде ана тілі мен шет тілін әр түрлі қабылдайтындығы анықталды. Бұл зерттеуін ғалымдар Proceedings of the National Academy of Sciences журналына жариялаған, деп жазады Лента.ру.

Мамандар зерттеуіне 7 айлық және 11айлық сәбилерді қатыстырған. Магнитоэнцефалограф қосқан соң әр түрлі (туған тілі мен шет тілі) тілдердегі аудиожазбаларды тыңдатады. Анықталғандай, таныс дыбыстарды естіген 7 айлық сәбилер оларды қайталауға тырысқан.