Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.
«Қазір туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүреді. Перзентханадан баланы туу туралы анықтама АХАЖ жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналары баланың тууына байланысты құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms- хабарлама алады. Хабарламаға жауап sms жіберілген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді. Құжатты АХАЖ-дан қағаз түрінде немесе телефонға электрондық түрде алуға болады»,-дейді министр.