Клуб өзінің ресми сайтында спортшы қызбен екі жылға келісімжарт жасағанын жариялады. Келесі маусымда «Волалто Казерта» Италияның негізгі әйелдер лигасы - А1 сериясында ойнайды.
Сәбина Алтынбекова ойын алаңында өнер көрсеткенімен қоймай, команданың өзіндік «бет-бейнесіне» айналады. Яғни, клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық спортшының әлеуметтік желілердегі аудиториясының көптігі клубқа қолайлы болып тұр.
Еске сала кетейік, Сәбина Алтынбекова соңғы жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» командасында ойнаған болатын. Сонда жүріп жарақат алып, маусымның біраз бөлігінде жарыстарға қатыса алмады.
Ал оған дейін спортшы қыз «Алматы» және жапондық GSS Sunbeams командаларында өнер көрсеткен.
Фото: sports.kz