Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Ал Instagram-ды қолдануға болмайтын қытайдағы Сәбинаның жанкүйерлері өздерінің қуаныштарын жасыра алмады.
Айта кетейік, Сәбина 2014 жылы Тайваньда өткен 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында сұлулығымен Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі ең танымал спортшыға айналды. Бірнеше күнде оның жүз мыңнан астам жанкүйері пайда болды.