Айта кетейік, Қытайда өткен 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионатында 17 жасар ойыншы қыз қытайлық жанкүйерлердің назарына түсіп, турнирдің ең әдемі ойыншысы атанған болатын.
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азия чемпионатында сұлулығымен көзге түскен 17 жасар ақтөбелік Сәбина Алтынбекова туралы бұған дейін БАҚ құралдары жарыса жазған болатын. Енді ол туралы әлеуметтік желідегі видео роликті 2 млн. 200 мыңның үстінде адам тамашалады, деп хабарлады sports.kz
Айта кетейік, Қытайда өткен 19 жасқа дейінгі әйелдер арасындағы Азия чемпионатында 17 жасар ойыншы қыз қытайлық жанкүйерлердің назарына түсіп, турнирдің ең әдемі ойыншысы атанған болатын.