Отандасымыз жартылай финалда моңғолиялық Далай Ганзоригпен шаршы алаңға шықты.
Алғашқы раундтан отандасымыз басымдықты қолға алып, 1-раундта қарсыласын 2 мәрте нокдаунға түсірді. 2-раундта Сабыржанның айқын басымдығын көрген төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Айта кетсек, бұдан бұрын Айгерім Сәттібаева (48 келі) Номундари Енх-Амгаланға есе жіберіп, қола жүлдегер атанды.
Енді ел құрамасынан күндізгі сессияда 7-жұпта Нұрбек Оралбай (85 келі) тағы бір моңғолиялық Бариахаан Доржбен қолғап түйістірсе, 9-жұпта Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) түркіменстандық Довлет Исламовпен шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық екі боксшы 14:00–де басталатын кешкі сессияда сынға түседі. Алдымен 3-жұпта Оразбек Асылқұлов (60 келі) өзбекстандық Әбдірахмон Махмуджонов, 8-жұпта Сағындық Тоғамбай (90 келі) өзбекстандық Халимжон Мамасолиевпен кездеседі.