Сабыржан Рахатов жасөспірімдер Азиадасында қола медаль иеленді

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық еркін күрес шебері Сабыржан Рахатов Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасында қола медаль жеңіп алды.

- Жерлесіміз 48 келіге дейінгі салмақта үздіктер қатарына еніп, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, - деп жазды Ұлттық Олимпиада комитетінен.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде Сабыржан Таиланд спортшысы Варат Фангсаймен кездесіп, қарсыласын 10:0 есебімен таза жеңіспен ұтты.

Айта кетейік, Азия ойындарында Қазақстан джиу-джитсудан екі медаль жеңіп алды.