Сабыр Рахымов атындағы республикалық мектеп-интернат өзінің 25 жылдығын атап өтті

None
ШЫМКЕНТ.  Қазанның 26-сы.  ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ -   Кеңес Одағының    Батыры Сабыр Рахымов атындағы  республикалық  мектеп-интернат   25 жылдық  мерейтойын атап   өтті.

 Әскери мектеп-интернат  ұлттық кадрларды тәрбиелеу үшін  құрылған  болатын.  Бүгінгі күнге  дейін мектеп  2700 түлекті   ұшырды.  «Мектептің басты   міндеті - әскери   жоғары оқу орындарына түсу  үшін шыныққан,   сауатты       жігіттерді дайындау. Біздің  түлектеріміз       республикамыздың  ғана емес,  жақын және алыс  шетелдердің    әскери жоғары  оқу  орындарында  білім алуда»,  дейді  республикалық мектеп-интернаттың  директоры  Ұлықпан  Башенов.

 Мектепті мерейтойымен   Қорғаныс министрлігінің,  әкімдіктің өкілдері,  әр жылдардағы    интернат түлектері  құттықтады. Олардың көбісі  бүгінде -   қазақстандық  армияның  кадрлық офицерлері.

 Мерейтой  құрметіне  түлектер    Кеңес Одағының Батыры   Сабыр  Рахымовтың  ескерткішіне  гүл шоқтарын қойды.  Үздік курсанттар   құрмет  грамоталарымен марапатталды.