Садақ атудан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық мергендер анықталды.Әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар классикалық және блоктық садақ ату түрлерінен сынға түседі. 

Классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча, әйелдерде Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова жарыс жолына шығады.

Ал блоктық садақ атудан ерлерде Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса бақ сынаса, әйелдерде Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова сайысқа түседі.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 5-12 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс құрамасына қарсы ойынға арналған баспасөз мәслихатында команданың дайындығы туралы айтты