АСТАНА. KAZINFORM — Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық мергендер анықталды.Әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар классикалық және блоктық садақ ату түрлерінен сынға түседі.
Классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча, әйелдерде Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова жарыс жолына шығады.
Ал блоктық садақ атудан ерлерде Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса бақ сынаса, әйелдерде Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова сайысқа түседі.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 5-12 қыркүйек аралығында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Уэльс құрамасына қарсы ойынға арналған баспасөз мәслихатында команданың дайындығы туралы айтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.