АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль алды.
Ел құрамасынан Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова компаунд бағдарламасы бойынша Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңіп кетті.
Бұған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдегер атанған болатын.
Әлем чемпионатынlа классикалық садақ атудан Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Иван Берча, әйелдерде Самира Жұмағұлова, Диана Тұрсынбек, Александра Землянова жарыс жолына шығады.
Ал блоктық садақ атудан ерлерде Андрей Тютюн, Ақбарәлі Қарабаев, Ділмұхаммед Мұса бақ сынаса, әйелдерде Әдель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова сайысқа түседі.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 5-12 қыркүйек аралығында өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.